"Аққыстау" халық театры «Халықтық» атағын қорғады

Атырау қаласында  Берік Қорқытов шығармашылығына арналған “Шынайы шымылдық” Халықтық театрлар мен драма ұжымдарының облыстық фестивалі өтті. Бұл фестивальге Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйіне қарасты, "Аққыстау" халық театры ұжымы қатысып, Берік Қорқытовтың “Жарайсың шалым” екі бөлімді комедиясын сахналап, Алғыс хатпен мараппатталды. Сонымен қатар фестиваль алғашқы екі күн барлық театрлар қойылымдарын қойса, үшінші, төртінші күндері театр, драма ұжымдары мүшелерінің арасында «Актерлік шеберліктің негізі» атты теориялық шеберлік сағаты өтіп, театр режиссері Ф.Рахметоваға сертификат табыс етілді. 
 
– Бұл фестиваль жоғары деңгейде өтті. Әр өңірден келген түрлі театр ұжымның жұмыстарын көріп, біз де біраз тәжірибе алмастық. Берік Қорқытовтың шығармаларын әр театр өздігінше қойылымға сай етіп әзірлеген. Осы секілді байқаулардың көп болуы біздің шығармашылың шыңдалуымызға ықпал етері сөзсіз,-деді "Аққыстау" халық театрының актрисасы Айназ Хайдолла.
Сондай-ақ, облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы Ж.Аманиязовтың 2023 жылдың 18 мамыр № 05-08-3/48н бұйрығымен аталмыш ұжымға «Халықтық» атағы қайта рәсімделді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT