АҚЖЕЛЕҢДІ АРУЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Ұлыстың Ұлы күніне орай аудандық ауруханада  «Мен қазақтың қызымын» атты ақ халатты абзал жандар арасындағы байқау өтті.

 Аталған байқауға аудандық емхана және де ауылдық округтердегі дәрігерлік емханалар ұжымдарынан нәзік жанды 6 ару қатысып, әрқайсысы бір-бір мекеменің намысын ту етіп келді.

Байқау 6 кезеңнен тұрды. Атап айтсақ, «Мен қазақтың қызымын» - сайыстың  алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстырды. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңі бойынша әркім өз өнерін көрсетті. Үшінші кезеңде «Шеберлік шыңға жеткізер», «Қонақ күте білеміз бе?» атты үй тапсырмасы бойынша қолөнерін ұсынып, дәмді тағамдар даярлап келді.Салт-дәстүрге байланысты және логикалық сұрақтарға әрбірі жан-жақты, толық жауап бере білді. «Шаш сәндей білеміз бе?» деп аталған бөлімде қос бұрым етіп арқасына өрілген сүмбіл шашты өз беттерінше сәндеді. Сайыстың шарықтау сәті десе болатын.  «Сұлулық сыры» кезеңінде, қатысушылар сәнді киім үлгісін көрсетті. Өздерін әр қырынан көрсете білген медицина қызметкерлері «сегіз қырлы, бір сырлы» екендіктерін дәлелдеді.

Байқау қорытындысы бойынша: Айдана Нұржауқызы (аудандық емхана) – «Өнерлі ару», Гүлсезім Даниярқызы (аудандық емхана) – «Сымбатты ару», Әсел Нәсіпқалиқызы (Қамысқала дәрігерлік емхана) – «Инабатты ару», Асылай Серікбайқызы (аудандық емхана) – зерделі ару, Жұлдыз Бекжанқызы (Жанбай дәрігерлік емхана) – «Көктем аруы», Лаура Бақтанқызы (Тұщықұдық дәрігерлік емхана) – «Көрікті ару» номина-циясын иеленді.

Лық толы зал ақжелеңді арулар өнеріне дән риза болды.

                         

Сағыныш Қайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521