Академия - мемлекеттік қызметкерді оқуға шақырады

Күні кеше  Исатай ауданында  мемлекеттік басқару академиясының бір топ қызметкері іссапармен келіп, ауданның мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда олар  Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясына жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2024-2025 жылға арналған оқуға қабылдау ережесі  туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

 Алдымен аталған академияның облыс бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Назерке Ғалымжанқызы сөз алып, оқуға түсу ережелері мен құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерге кеңірек тоқталды. Бұдан кейін ол оқу бағдарламалары туралы презентация жасады. Сондай-ақ,  магистратура мен докторантура бағдарламаларына қойылатын негізгі талаптарды да егжейлі-тегжейлі түсіндіре келіп, конкурстық іріктеу кезеңдерінің және қабылдау алгоритмін айтып өтті.  Сонымен бірге академияда білім алудың артықшылықтары  туралы тілге тиек етті. Кездесу барысында қатысушылар өздерінің қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.  Ал шараны қорытындылаған аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы  Салтанат Сейтжанова мемлекеттік қызметшілерді жоғары да аталған оқу орнында білімдерін жетілдіруге шақырды.

Еске сала кетейік, академияға оқуға құжаттарды қабылдау онлайн форматта академияның арнайы ақпараттық жүйесі арқылы (https://admission.apa.kz.) 1 сәуірден 26 маусымға дейін жалғасады. Академияда мемлекеттік қызметшілерді даярлау 6 магистрлік, 3 докторлық бағдарлама бойынша және өндірістен қол үзбей оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша 2024 жылға құжат қабылдау онлайн форматта болады. Электронды құжаттарды академияның ақпараттық жүйесіне электронды түрде жүктеу қажет.

 

 Сағыныш Қайыр

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521