"АҚЖОЛ" ҮЙІРМЕСІ ЕСЕП БЕРУ КЕШІН ӨТКІЗДІ

Н.Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінде  Тұщықұдық және Қамысқала ауылдық округінің талантты бүлдіршіндері мен жасөспірімдерін даярлап, баулып жүрген «Ақжол» өнер мектебінің есептік концерті  өткізілді.

«Сахна көркі – сұлу би мен тәтті күй» атауымен 100-ге тарта талантты балалардың өнерін өрлеткен ғажайып кеште мың бұралған билер, күмбірлеген күйлер, әуезді әнмен қатар жас қылқалам шеберлерінің сурет көрмесі жұртшылық  назарына ұсынылды.

Шара барысында, «Ақжол» өнер мектебінің құрылтайшысы Құралай Зейнешқызы сөз алып, қысқаша өнер мектебі туралы сөз етті.

 -Осы аталған мектебіміздің құрылғанына 6 айдың шамасы ғана болса да, аз уақыт ішінде балалардың саны да артып, сапа жағы да көңіл қуантады. Қазіргі таңда өнер орталығында 400-ге жуық бала саны бар. Олар домбыра, би, бейнелеу өнері бағытында білім алуда. Бұл орталық барлық балаларды мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында тегін үйірмелермен қамтып отыр. Қазіргі таңда, орталық өз филиалдарын Тұщықұдық және Қамысқала ауылында ашылды. «Ақжол» өнер мектебіне қабылданған балалар тегін жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Әр бүлдіршіннің жеткен жетістігі, біздің сенімнің, еңбектің ақталғаны деп білемін. Сондықтан, «Ақжол» саз мектебінің өнерпаздары осымен ғана шектелмей,  әлі де шыңдала түспек,- деді ол.

Әрмен қарай, концертте өнерлі де, жігерлі жас таланттар Нұрғиса Тілендиевтің әні «Құттықтаймын мама»,  Құрманғазының күйі «Балбырауын»,  халық күйі «Жастар биін» нақышына келтіре орындаса, мың бұралған биші қыздарымыз әр ұлттың би қойылымдарын жоғары талғаммен билей алды. Сондай-ақ, мәдениет үйінің фойесіне жасақталған жас суретшілердің көркемсурет галереясы сан алуандығымен,  көрермендерге  таңдай қақтырды.

Екі сағатқа созылған  концерттік бағдарламаға жиылған жұртшылық дарынды балалардың өнеріне дән риза болып, ыстық қошеметін көрсетті.

 

 

                                                                                                      Сағыныш САЙЛАУБАЙ

 

 

 

                                                           

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521