«Аққыстау-Атырау-Аққыстау» автобусы шықты

Жергілікті тұрғындар ұсынысына сәйкес Атырау облысы және аудан әкімінің қолдауымен 23 қаңтардан бастап Аққыстау ауылынан «№98 Аққыстау –Атырау-Аққыстау» бағытында қатынайтын жаңа да жайлы 21 орындық « Tayota Coaster» маркалы автобусы жолаушыларды тасымалдайтын болды.

Тасымалдаушы мекеме «LAVATRANS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Автобус Х. Ерғалиев және Тұщықұдық ауылдарына аялдама жасайды. Сол күні аудан әкімі Нұрым Мусин вокзалға өзі арнайы барып, билет сататын орын мен күту залының жағдаймен танысып, алғаш жолға шыққалы тұрған жолаушыларға сәт-сапар тіледі.

Сондай-ақ автобустар күнделікті Аққыстаудан Атырауға қарай және кері бағытта бір рет қатынайды. Билет құны бір бағытқа 800 теңге. Жеті жасқа дейін тегін, 7-15 жас аралығындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Автобус «Аққыстау-Атырау» бағытына таңғы сағат 8.00-де Аққыстау теміржол вокзалынан жүрсе, «Атырау- Аққыстау» бағытына қаладағы автобекеттен 16.30-де  жолға шығады.

Билеттерді Атырау қаласындағы автобекет және Аққыстау ауылының теміржол вокзалы кассасынан немесе atyrau:avokzai.kz  веб сайтынан сатып алуға болады. Жауапты мамандардың айтуы бойынша, алдағы уақытта халық сұранысына сәйкес аталған бағытта қатынайтын автобустардың санын көбейтіп, көлік құралын жаңарту жоспарланып отыр.

                                                                                                                              Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521