Аққыстау ауылдық округі әкімін сайлауда 55,1% сайлаушы дауыс берді

 

Бүгін Исатай ауданының орталығы –Аққыстау ауылдық округінде өткен әкім сайлауына дауыс беру рәсімі аяқталды.

Сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-де жабылып, одан кейін дауыс санау процесі басталды. Аққыстау ауылдық округіне Өркен және Томан елді мекендері кіреді. Жалпы халық саны – 9855 адам болса, олардың 6020-сы – дауыс беруге құқығы бар сайлаушылар.

Ауылдық округте барлығы 6 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Ресми мәлімет бойынша, бүгінгі саяси науқанда 3318 адам өз таңдауын жасап, сайлауға қатысқан. Бұл – округ бойынша тіркелген сайлаушылардың 55,1 пайызы.

Әзірге үміткерлерге қанша пайыз дауыс берілгені жөнінде ақпарат жарияланған жоқ. Дауыс санау нәтижелері шыққан соң, толық мәліметтер тиісті органдар арқылы ресми түрде хабарланатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT