Кездесуге келген ардагерлеріміз Референдумды қолдайтындықтарын білдіріп, қабылдануы ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасымен мұқият танысқандарын жеткізді. Олар құжаттың мазмұнына қатысты өз ойларын ортаға салып, қоғам көзқарасы мен өмірлік тәжірибеден сүзгіден өткен салмақты пікірлерімен бөлісті.

Ардагерлеріміздің айтқан әрбір ұсынысы – ел болашағына деген жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Сонымен қатар, бірқатар жазбаша ұсыныстарын да табыстап, реформаның сапалы жүзеге асуына өз үлестерін қосты.

Мұндай мазмұнды кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ортақ мақсат жолында бірігуімізге мүмкіндік береді. Қоғамдық диалог пен ашық пікір алмасу – әділетті әрі тұрақты дамудың кепілі.



