Аққыстау футзалшылары жеңімпаз атанды

Исатай ауданы Аққыстау ауылында футзалдан 35 жастан жоғары ересектер арасында аудандық турнир өтті.

"Спорт - нашақорлыққа қарсы" ұранымен өткен турнирге ауылдық округ құрама командалары қатысты.

Нәтижесінде Аққыстау командасы жеңімпаз атанса, Аққыстау АТП құрамасы екінші, Тұщықұдық футболшылары үшінші орындарға қол жеткізді. 

Жекелей шеберлігімен көзге түскен ойыншылар да марапатталды. Атап айтсақ, Талғат Қожасов "Үздік ардагер ойыншы", Мейрамбек Қуанышалиев "Үздік ойыншы", Рауан Серік Үздік шабуылшы, Ғалымжан Қалиев "Үздік қорғаушы", Нұрболат Қайырденов "Үздік қақпашы" атанды. 

Айта кетейік, турнир аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен, "Жанымдасың" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT