АҚҚЫСТАУДА АЛҒАШ РЕТ "БУККРОССИНГ" БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

 Әлем мен сананы жарықтың жылдамдығындай жылдамдыққа ие ғаламтор билеген заманда кітапқа деген сұраныс пен қызғушылық деңгейі қандай дәрежеде?  «Қазіргі жастар кітап оқымайды» деген негізсіз қалыптасқан қағида үлкен буын қатарынан жиі естілуде. Алайда бұл пікір бүгінде жансақтың деуге толық негіз бар. Әрине кітапхана  жағалап кітап оқып жүрген жастарды кездестірмесек те, іздеп жүріп, сүйікті авторлардың кітабын оқитын жастарды тілге тиек етуге болады.

Сүйікті авторлардың барлық кітаптарын  кітапхана сөрелерінен таппауыңыз әбден мүмкін. Осыған орай Аққыстау ауылының тұрғыны, кәсіпкер Жадыра Молдаш Исатай ауданындағы осы олқылықтың шешімін тапқан. Ол өзінің кәібімен айналысатын сауда орталығының бір бұрышында «буккросинг» бұрышын ашты. Ал буккросинг дегеніміз (ағылшын тілінен аударғанда - "кітап алмасу") – халықаралық қоғамдық қозғалыс. Оның миссиясы – "том-том кітаптарды бостандыққа шығару" және "кітап оқу" идеясын насихаттау. Буккроссинг – бұл кітап сатып алудың баламаларының бірі. Бұл қозғалыс қызметі былайша іске асады: кітапты оқыған адам оны қоғамдық орынға (кафе, кітапхана, метро бекеті) қалдырады, сонда оны кез келген адам өзіне алады. Кітапты алған адам кейіннен үрдісті қайта бастайды. Яғни аталмыш бұрышта адамдар бір-бірімен кітап алмасып оқи отыра, кітап оқуды насихаттайды әрі ақшасын да үнемдейді.

  • Меніңше адамдардың бәрі кітап оқымайды немесе оқығысы келмейді деген жансақ пікір. Барлық адам кітап оқып, өзін-өзі дамытуды қалайтыны анық. Алайда қазіргі қымбатшылық заманда қалаған кітаптарын алатын қаржының да ауыса бермесі анық. Кәсіппен айналысып, адамдармен жұмыс жасап жүріп, осындай мәселенің барын байқадым. Аудан орталығында орналасқан сауда орталығынан буккроссинг бұрышын ашып, аз да болса мәселені шешуді  жөн көрдім. Нәтижесі де мен күткенен асып түсті, тұрғындар бір-бірімен кітап алмасып, тіпті кейбірі таппай жүрген кітаптарын тауып, оған таласып оқығанын көргенде жаным жадырап, риясыз қуандым. Әрі өзімнің кәсібімнің бір ерекшелігі болғанын қаладым. Оған қоса сауда орталығындағы саудагерлер де  да бос уақыты тиімді өтеді. Әрі шығын да шықпайды.Сауда жасауға келген тұрғындар да,балалар да буккроссинг арқылы түрлі кітаптармен танысып, өз үйлеріндегі кітаппен аламасып, жаңа кітаптарды оқуда, Менің көздеген мақсатым да сол еді,-дейді кәсіпкер Жадыра Молдаш.

 Мәселенің барын аңғарған адам ойлы болса, ал оның шешілуне ерікті түрде жұмыс жасаған жан үлкен жүректің иесі болмақ. Қоғамға пайда әкелу сайып келгенде әр адамның азаматтық борышы.

Ал сіз оқырман кітап оқисыз ба?

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521