Аққыстауда "Дәулет" дүкені ашылды

0 votes

Кеше аудан орталығы Аққыстау ауылында "Дәулет" дүкені салтанатты түрде ашылып, ауыл тұрғындарын риясыз қуанышқа бөледі.

Салтанатты жиынның алғы сөз легін алған Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғ.Боранбаев ізгі тілегін жолдады.

Сондай-ақ, келесі сөз кезегін алған Аққыстау ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Қ.Сдихов халықтың игілігіне жарап, құтты бастама болсын деген тілектестігін білдірді. Әрі қарай, дүкеннің салтанатты түрде қызыл лентасы қиылып, шашу шашылды. Жақсыны көрмекке келген көпшілік дүкен ішіне қарай ентелеп, саудаларын жүргізді. Алғашқы сауда жасаушыларға ұйымдастырушылар атынан тегін  тәттілер де үлестірілді.

Бұл «Дәулет» индустриялық аймағы осыдан сегіз жыл бұрын 2016 жылы құрылтайшы Ибрагим Шияпұлы мен Райхан Ахметжанқызының ұсынысымен құрылған. Қазіргі таңда дәулет нан өндірісінде мыңға жуық адамды жұмыспен қамтыған кәсіпкерлік нысан.Әрі сан қырлы бағытта табысты қызмет Атап айтсақ, "Даулет" нан, ұн шығару зауыты, «Даулет» ет консерві зауыты, «Дәулет нан» наубайханасы, макарон цехы, «Даулет су» зауыты, қағаз орталығы (бумажный цех) және тігін цехының өнімдері жоғары деңгейде нарыққа шығып, халық ықыласына бөленіп, жақсы жұмыстар атқарылып келеді.

Айта кетейік, осыдан  2021 жылы Исатай ауданына қарасты Х.Ерғалиев ауылында осы "Дәулет" дүкені ашылып, бүгінгі күні саудасы қызу жүріп тұр.

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521