Аққыстауда қоғамдық көлік маршруттары жаңартылды

 

2 ақпаннан бастап Аққыстау ауылының ішкі қоғамдық көлік жүйесінде және елді мекендерге қатынайтын жолаушылар тасымалында маршруттық реттік сандар өзгеріске ұшырады. Бұл жаңашылдық тұрғындардың өтініш-тілектері мен көлік қатынасының тиімділігін арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

 

Аққыстау ауылы ішіндегі жаңа маршруттар

Енді ауыл ішіндегі қоғамдық көліктер төмендегі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

 • А1 – Теміржол вокзалы – Сельхоз ықшамауданы

 • А2 – Теміржол вокзалы – Қаратүбек ықшамауданы

 • А3 – Теміржол вокзалы – Өркен ықшамауданы

Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрбол Жампейсовтың айтуынша, тұрғындардың сұранысына сәйкес, А1 (Теміржол – Сельхоз) және А3 (Теміржол – Өркен) бағыттарына қосымша бір-бірден қоғамдық көлік шығарылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалмақ.

 

Елді мекендерге қатынайтын маршруттар

Сонымен қатар Аққыстау ауылынан көршілес елді мекендерге қатынайтын маршруттардың реттік сандары да жаңартылды:

 • А4 – Аққыстау ауылы – Тұщықұдық ауылы

 • А5 – Аққыстау ауылы – Х. Ерғалиев ауылы

 • А6 – Аққыстау ауылы – Жанбай ауылы

 • А7 – Аққыстау ауылы – Нарын ауылы

 • А8 – Аққыстау ауылы – Исатай – Зинеден ауылы

 

Жаңа маршруттық жүйе қоғамдық көлікті пайдалану барысын жеңілдетіп, тұрғындардың бағыттарды шатастырмай, уақытты үнемдеуіне мүмкіндік береді.

Жолаушылардан жаңа реттік сандарды ескеріп, қоғамдық көліктерді пайдалану барысында назарда ұстау сұралады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT