Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылындағы тұралап қалған 60 пәтерлік үйлердің құрылысы жедел қайта жанданады, -деп хабарлайды «Нарын таңы».
Бұл туралы облыс әкімі С.Шәпкенов ауданға болған іссапарында мәлімдеді.
- Тұрғын үй-коммуналдық салалары бойынша айта кетсем, Аққыстау ауылынан 2019 жылы 60 пәтерлік 3 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Бірақ, қазіргі уақытта мердігер мекемемен келісімшарт біржақты бұзылып, жобаға түзету енгізу жұмыстары жүргізілуде (3 007,9 млн. теңге. Мердігер – «Данстройбаза» ЛТД» ЖШС). Осыған сәйкес, аудан әкіміне аталған мәселені жеке бақылауға алып, құрылыс жұмыстарын жедел түрде қайта жандандырып, тезірек бітіруді ұсынамын.
«NCOC» компанияларының демеушілігімен Аққыстау ауылынан 1 үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бүгінгі күні тұрғын үйдің алаңын абаттандыру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмысы жүргізілуде. аталған жұмысты жеделдетіп аяқтауды тапсырамын, - деді облыс басшысы.