Аққыстаулық Сымбат аудандық қолөнершілер байқауының бас жүлдесін иеленді

Исатай аудандық қолөнөршілер байқауында аққыстаулық шебер Сымбат Гатихова жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды «Нарын таңы».

Сайыс Нарын ауылдық клубында 45 жастан жоғары қол өнер шеберлері арасында өтті.
 Ұлттық дәстүрді насихаттау, қолөнер шеберлерінің жұмыстарын елге таныстыру, үздік қолөнершілерімізді анықтау мақсатында ұйымдастырылған аудандық байқауға 6 ауылдық округ бойынша 7 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Сайыс нәтижесінде 3 орынды зинедендік Абай Хидуллин, 2  орынды  Тұщықұдық ауылының намысын қорғаған Ақсұлу Қайыржанова алса, 1 орынды Нарын ауылдық округінен зейнеткер Сабила Қоесова жеңіп  алды. Барлық байқауға қатысушыларға  дипломдар мен Алғыс хаттар, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
- Алдымен осы сайысты ұйымдастырушыларға рахметімді айтамын, қазіргі кейінгі ұрпаққа өнеге болатын, бос уақыттарын тиімді пайдалануға болатын, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын өнерді ұмыт қылмай, осындай шаралар жиі ұйымдастырылса, әрине, нұр үстіне нұр. 
 Шынымды айтсам, қолөнермен айналысамын деп бала кезде ойламаппын. 1994 жылы мектепті аяқтағаннан кейін марқұм әкем өзі жетектеп Қазақ қыздар педагогикалық институтына апарған еді. Ол кезде менің таңдаған мамандығым бойынша орын толып қалуы себепті еңбек пәнінің мұғалімі және тігін бұйымдарын модельдеуші мамандығына қабылдандым. Басында қиналғаным рас, дегенмен, ынта-жігерімнің арқасында керемет нәтижемен бітіріп шықтым. Әкем диплом қорғау кезіме өзі келіп, қуанған еді, - дейді бас жүлде иеленген Сымбат Таупихқызы. 
Сол кезден бастап қолөнерге деген қызығушылығым ояна бастаған Сымбат апай 1998жылы Аққыстау орта мектебіне мұғалімі болып  орналасыпты. Қазір сонда  ұстаздық қызмет атқарып келе жатқанына - 27 жыл. 
-    Ұстаз болған соң шәкіртке үйретерім болуы керек. Сол үшін де алдымен өзім үйренемін. Көптеген шеберлік сабақтарын оқимын. Қазір үйренсем, қосымша табыс тапсам дегенге мүмкіндік көп қой. Мен қолөнермен хобби ретінде айналысамын, кейде қызығушылық танытқан жандар болса шеберлік сағатын өткізіп, тапсырыстар да қабылдаймын. Өзімнің де әлі үйренерім көп,- дейді аққыстаулық қолөнер шебері

 

Жұлдыз СЕМБИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT