Ақмарал Тахаева - 100 бүлдіршінге қуаныш сыйлады

0 votes

Жаңа жыл - әр баланың асыға күтетін мерекесі. Өйткені, таңғажайыпқа толы ерекше күнде балалар көптеген сыйлықтар мен қоса жаңа жылдың образы іспеттес Аяз ата мен Ақшақарды күтеді. Бұл мерекенің сәні шыршаны айнала әндетіп, асыр салып билеп думандатады

Міне, осы тұста  аудандық «Жалын» мәдениет үйінде аудан әкімдігі мен «Ауыл» партиясының қолдауымен жаңа жылдық шара өткізілді. Кеш мәдениет үйінің өнерпаздарының ұсынған қойылымымен басталып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Шараға аудан әкімдігі жанындағы отбасылық-демократия мүшелері, кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналары қатысты. Сонымен қатар, «Ақжан» дүкенінің басшысы, мәслихат депутаты Ақмарал Мәдиқызы да 100 балапанға жаңажылдық сыйлық тарту етті. Шара барысында Исатай аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Халидоллақызына алғы сөз берілді.

- Баршаңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Бүгін керемет шара болып жатыр. Келе жатқан жыл тек қана жақсылықтар әкелсін. Оқушы балаларымыз оқуда озат болып,  жақсы үлгеріммен ата-аналарын қуанта берсін.  Жаңа жылдарыңызды құт берекесімен келіп, жақсы қарсы алуларыңызға тілектеспін. Бүгінгі сіздерге осындай әдемі қойылым сыйлап жатырған «Жалын» мәдениет үйі ұжымына үлкен алғыс айтамыз. Сондай-ақ, осы көптеген біздің шаралардың қолдаушысы, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды үнемі қолдап жүретін аудандық мәслихаттың депутаты Ақмарал Мәдиқызына да рақметімізді айтамыз,- деді ол өз сөзінде.

Осылайша, мерекелік шара соңында аудан әкімдігі жанындағы отбасылық-демократиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы Нұрғайша Халидоллақызы балаларға қуаныш сыйлап, осындай шараның өтуіне мұрындық болған жеке кәсіпкер Ақмарал Мәдиқызына Алғыс хат табыстады.

Мінекей, мәз-мейрам болысқан балалар жүздеріне күлкі үйіріліп, жүректеріндегі қуаныш  сезімін толтыра үйлеріне тарқасты.

 

Жұлдыз СЕМБИЕВА 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT