Ақмарал Тахаева – «Мейірім құшағы» комиссиясының төрайымы

 

«Ауыл» партиясының Атырау облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы Байжанов Нұртас Жарылғасынұлының төрағалығымен Саяси кеңес отырысында  Исатай аудандық мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі, кәсіпкер, көпбалалы ана Ақмарал Мадиқызы Тахаева «Ауыл» партиясының жанынан құрылған «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиясының төрайымы болып сайланды.

Бұл шешім – ауыл әйелдерінің қоғамдағы рөлін арттыруға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге және балалардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды қадам.

Ақмарал Тахаева – Исатай ауданының белсенді азаматы, кәсіпкерлікпен қатар қоғамдық жұмыстарға да тұрақты араласып келеді. Көпбалалы ана ретінде ол ауылдағы аналардың, балалардың және отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды басты міндет санайды.

 

 

Комиссия төрайымы ретінде Ақмарал Мадиқызы ауылдық жерлерде әйелдерге қолдау көрсету, әлеуметтік бастамаларды дамыту, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға басымдық бермек.

Облыс деңгейінде «Мейірім құшағы» комиссиясының аясында әйелдер мен балаларды қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайту, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстарды жоспарлы түрде атқару көзделіп отыр.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT