Киберқылмыстарды алдын алу үшін заманауи, интеллектуалды ақпараттық жүйелерді құрудың маңызы ерекше. Қазіргі цифрлық кеңістікте қылмыс түрлері жыл сайын күрделеніп, жаңа формаларға өзгеріп отыратындықтан, оларды ерте кезеңде анықтап, нақты уақыт режимінде бақылап отыру мүмкіндігіне ие технологияларды енгізу қажет. Мұндай жүйелер үлкен көлемдегі деректерді талдап, күмәнді әрекеттерді автоматты түрде анықтай алады, сонымен қатар ықтимал қауіптерді болжауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде киберқылмыстарды тек тіркеп қана қоймай, оларды болдырмау және алдын ала жою мүмкіндігі артады.
Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының қызметін жаңа талаптарға бейімдеу – уақыт талабы. Цифрлық қауіпсіздікке қатысты заңнамаларды жетілдіріп, қажет болған жағдайда қолданыстағы құқықтық нормаларға өзгерістер енгізу маңызды. Бұл өзгерістер киберкеңістіктегі қауіпсіздік талаптарын нақтылап қана қоймай, құқық қорғау органдарының заманауи технологияларды қолдануына да жол ашады. Заңдар мен техникалық мүмкіндіктердің өзара үйлесімді жұмыс істеуі киберқылмысқа қарсы тұрудың тиімділігін арттырады.
Осының бәрі кешенді түрде жүзеге асқанда ғана қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі нығайып, цифрлық ортадағы тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Киберқауіпсіздікті сақтау – тек техникалық мамандардың емес, мемлекет, бизнес және азаматтардың ортақ міндеті.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі

