Мереке қарсаңында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Ғ.Ниязалиев бастаған жеке құрам редакциямызға арнайы келіп, аудан айнасы «Нарын таңы» газеті ұжымын облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Б.Ақбалиевтің алғыс хатымен марапаттаған болатын.
Ұдайы әскери, патриоттық бағытта мақалалар жариялап, аталған саламен қоян-қолтық жұмыс жасайтын шығармашылық ұжымға арналған алғыс хатта «Қазіргі заманды ақпаратсыз елес-тету қиын, сондықтан Сіздер тәуелсіз Қазақстанымыздың тыныс-тіршілігін мерзімді баспасөз басылымдарында үздіксіз жариялап, елімізді ақпаратпен байытып отырсыздар. Баспасөз қызметі заманауи шығармашылық идеялар мен креативті бастамаларды жүзеге асырып жүрген өз істерінің шеберлерінен құралған білікті ұжым. Біздің айбынды әскеріміздің ел алдындағы мәртебесін көтеру үшін аянбай қызмет атқарып жүрген баспасөз өкілдерін біз де мақтан тұтамыз» делінген.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ