Alatau City — болашақтың цифрлы қаласы

 

Alatau City – болашақтың қаласы. Президент Жолдауында айтылғандай, бұл қала толық цифрланған, заманауи технологияларға негізделген орталыққа айналуы тиіс. 

Мұнда Smart City элементтері – ақылды көше шамдары, бейнебақылау жүйелері, автоматтандырылған көлік қозғалысы, коммуналдық қызметтерді басқару және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелер кеңінен енгізілуі қажет. Сонымен қатар, бұл қалада криптовалюта арқылы төлем жасау сынды тың шешімдер арқылы қаржы айналымының жаңа үлгісі қалыптасады.

Alatau City – жай ғана қала емес, ол Қазақстанның цифрлық және инновациялық болашағының символына айналады. Бұл жерде адамдар тек жайлы өмір сүріп қоймай, жаңа технологияларды күнделікті тұрмыста қолдана отырып, инновацияның ортасында өмір сүреді. Мұндай жоба еліміздегі жас өнертапқыштар мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан бұл бастаманы жан-жақты қолдап, Alatau City-ді болашақтың қаласына айналдыру – бәріміз үшін маңызды міндет.

 

 

Ерлан МАХСОТОВ,

Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT