Мемлекет басшысы өз Жолдауында алаяқтыққа, соның ішінде қаржы пирамидалары мен интернет алаяқтығына қатысты құқық қорғау органдарына кешенді әрі нақты шараларды әзірлеуді тапсырған. Өйткені уақыт өткен сайын адамның сенгіштігі де сағымға айналып, цифрлы айлакерліктің тұзағына түсуі жиілеп барады. 2025 жылдың алғашқы алты айы…
Қағаз жүзінде көрсеткіш әдеттегіден төмен: 23 қылмыс. Бірақ осы 23 дегеннің өзі біз үшін үлкен сан. Себебі бұл – 23 отбасы, 23 тағдыр, 23 жанның сенімі мен үміті. Өткен жылы дәл осы мерзімде 40 алаяқтық дерегі тіркелген еді. Ашылған қылмыстардың үлесі де азайып, 66,1%-дан 55%-ға түсті. Алайда бұл сандардың артында жай статистика емес, шынайы адамдардың тағдыры жатыр: құрбандардың 70%-ы – әйелдер, жартысына жуығы – қариялар. Олар ең алдымен қалталарындағыны емес, сенімдерін жоғалтты. Ең ауыр соққы да осы – жанның жаралануы. Бұл туралы бізге аудандық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Дулат Нұрмұханбетов баяндап берді.
Жалғасы газеттің №28 (4241) санында
Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ