Алдымен амандығымызды ойлайық

Иісі мұсылман үшін Құрбан айттың орны бөлек болған.

Оның мән-мағынасын, мақсат-мұратын:

Иә, Құдайым оңдасын,

Оң жолына бастасын.

Бір жарылқап тастасын.

Жамандыққа жазбасын,

Жақсылыққа бастасын! - дей келіп:

Иман байлығын бер,

Деннің саулығын бер.

Бір Аллаһ Жаратушы жарылқасын.

Ықыласты батамды қабыл алсын! - делінетін баталардан да аңдауға болады.

Бұл - Алладан иман байлығын, деннің саулығын да тілер күн. Ендеше, сол деннің саулығы, бастың амандығы үшін, мынау дерт алқымнан алған қиын-қыстау кезеңде сақтық шараларын да ұмыт қылмаған абзал деп білемін. Осы бір сын шақтан сүрінбей өтсек, алдағы мерекелі күндеріміз де аз болмас деп есептеймін әрі соған тілеулестің бірімін. Сондықтан да алдымен амандықты ойлайық, ағайын!

Уахит ӘДІЛОВ,

II және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегері, батагөй ақсақал.

Зинеден ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521