АЛДЫН АЛУ ЖАЛҒАСУДА

 

Қандайда төтенше жағдай болсын, алдын алуды, сақадай сай дайындықты қажет етеді. Көктемгі өр суы мен іргедегі теңіз тасуынан қорғану да сондай дайындықты керек қылатыны сөзсіз. 

Осы ретте ауданда көктемгі өр суы мен теңіз суының тасуының алдын алуға байланысты дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Оның бәрі де ауданда осы мақсатта құрылған жедел штаб мәжілістерінде ақылдасылған, жоспарланған, белгіленген тапсырмаларға сәйкес атқарылуда.

Аудан әкімі аппаратының жалпы, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі басшысы Мейрамгүл Құрасовадан білгеніміздей, күні бүгін Қамысқала ауылдық округі аумағында ұзындығы 3,2 шақырым болатын жаңадан бөгет тұрғызу үшін қаражат бөлуге ұсыныс жолданды. Аққыстау, Тұщықұдық ауылдық округтері аумағынан өтетін Бақсай, Нарын каналдарының түбін тереңдету, қамысты тазалау және жағаларын бекітуге 17 шақырымды құрайтын  жұмыстары жоспарланды.                                             

-Қазіргі уақытта «Табиғат» КМК мекемесімен жоспарланған 3,7 шақырымының жұмыстары атқарылды. Аталған жұмыстарды атқаруға «Табиғат» КМК-дан 3 арнайы техника және 5 адам жұмылдырылды,-деді М.Құрасова.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT