Әлемнің күміс жүлдегеріне қызметтік пәтер берілді

Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Еркебұлан Қуанғалиевке қызметтік пәтердің кілті табысталды.

Жақында ғана әлемдік додада абыройымызды асырған Еркебұлан бауырымызға Тұщықұдық ауылынан мемлекет қаржысына салынған пәтерлердің бірін салтанатты табыстау сәтінде ауылдық округ әкімі Мәди Өтеғалиев сөз сөйлеп, күміс жүлдегерге жылы лебізін білдірді.

⁃ Еркебұлан Сербия елінде даңқымызды асқақтатты. Бұл - біз үшін зор мақтаныш. Соны ескеріп, бір жағынан "Барыс" балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының спорт нұсқаушысы ретінде алдағы қызметіне табыс тілей отырып, аудан басшылығының үйғарымымен осы қызметтік пәтерді пайдалануға беруді жөн көрдік. Баламыздың алда да зор жетістікке жетуін тілейміз және сенеміз, - деді пәтер кілтін тапсырған ауыл әкімі.

Спортшының бапкері Асхат Жұмабеков палуандарға қолдау білдіріп жатқан аудан басшылығына алғысын айтып, шәкірттеріне осы жетістікпен тоқталып қалмай, әлі де еңбектеніп, көздеген межеге ұмтылу қажеттігін атап өтті.

ui-18-min

Жастар арасында әлем чемпионы атанған Абылайхан Мейрамбекұлына ауданның спорт жанашырлары ат мінгізгенін де айта кетейік.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521