АЛҒАШҚЫ ДАУЫС БЕРУШІ ТІРКЕЛДІ

Қамысқала ауылдық округіне қарасты №129 сайлау учаскесіне алғаш болып ауыл тұрғыны,  82 жастағы  Қуаныш Жұмағалиев ақсақал өз таңдауын жасады.  
Қуаныш ақсақалдың пікірінше, өтіп жатқан бұл сайлау – басқа сайлаулардан өзгеше. 

-Мен елімізде болып жатқан осындай саяси маңызды оқиғалардан тыс қалмай, үнемі қатысып, өз таңдауымды жасап келемін. Бұл сайлау бұрынғыға қарағанда өзгерек десе болады. Өйткені, сайлауға түскісі келген кез келген Қазақстан азаматы өзін-өзі кандидаттыққа ұсынуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Депутат болу жұрт ойлағандай оңай шаруа емес. Жауапкершілігі мол, халық сенімінен шығу үшін жан-жақты білім, іскерлік керек, жаңашылдықты талап ететін іс. Олай деп айтып тұрған себебім, өзім де бір кездері аудандық мәслихаттың депутаты болған едім. Елімізде болып жатқан өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек. Әр азамат елдің, мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси өрлеуіне өз үлесін қосу керек деп ойлаймын,-дейді ол сенімді түрде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз