Зинеден ауылдық округінің әкімін сайлау барысында алғашқы болып таңдауын жасаған тұрғын – Таңатар Махимов болды.
Ауыл тұрғыны Таңатар Махимов бұл сайлаудың ауыл болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, әкім сайлауына қатысу – әрбір тұрғынның өз ауылының дамуына және әл-ауқатының жақсаруына ықпал ететін жауапты қадам. Әкімді халықтың өзі таңдау мүмкіндігі – ауыл тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін маңызды шешім екенін тілге тиек етті.
Ауыл тұрғындарының сайлауға қатысу белсенділігі жоғары.№136 сайлау учаскесінде арнайы дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың жүріп-тұруына пандустар орналастырылған.
Сонымен қатар, алғашқы дауыс берушіге шағын сыйлық табыс етілді.
Ж.Сембиева