Алғыс айту күніне арналған «Алтын жүрек» атты челленджі өтті

Алғыс айту күніне арналған  республикалық челлендж басталды. Осыған байланысты Өркен орта мектебінің оқушылары мен парламент мүшелері бірігіп Алғыс күніне арналған «Алтын жүрек» атты челлендж  өткізді.

 Бұған  аталған мектептің 5-11 сынып оқушылар қатысты. Челлендж  өткізудің негізгі мақсаты - мектеп оқушылары мен ата-аналардың өз қолдарымен  дайындаған ұлттық ас тағамдары ауылымыздағы күнелтісі төмен немесе көмекке зәру отбасыларына ұсыну арқылы  оқушыларымызды кішіпейілдікке, адамгершілікке, тазалыққа, жанашырлыққа, достыққа, ауызбірлікке баулу.

«Алтын жүрек» қайырымдылық челленджі   мектептің 5-11 сынып жетекшілері мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ш.Сисенғалиева, А. Исакулова және әлеуметтік педагог Л.Ибраймованың  мұрындық болуымен жүзеге асырылды.

Шараға барлық сынып жетекшілері мен оқушыларымыз қатысып, оқушыларымыз өздері  дайындаған сапалы әрі таза, табиғи тағам түрлерін  өздерінің сыныптастарына, ұстаздарына т.б. мектеп ұжымындағы қызметкерлерге ауыз тигізіп, содан кейін оларға  ұлттық ас тағамдарын сатып алуға ұсыныс жасады. Одан түскен пайдаға мектептің аз қамтылған балалары бар үш отбасыға үйлеріне қажетті тұрмыстық заттар мен азық-түлік тағамдары алынып берілді. Осындай шараға біркісідей атсалысып, өз қамқорлықтары мен көмектерін  аямаған барша мектеп педагог ұстаздарына, ұжым қызметкерлеріне, оқушыларымызға көңілден шынайы алғысымызды аудандық «Нарын таңы» газеті арқылы білдіргенді жөн көрдік.

 

Алмагүл САПАРОВА,

Өркен орта мектебі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT