Алғысқа бөленген еңбек иелері

Сурет автордан

1 - наурыз – Алғыс айту күні ауданымызда ерекше ілтипатпен аталып өтті. Бұл күні аудан әкімі аппаратының басшысы Арманбек Махмутов қарапайым еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, оларды атаулы күнмен құттықтады, - деп хабарлайды «Нарын таңы» газеті.

– Қоғамның дамуы мен өркендеуі жұмысшы мамандық иелерінің еселі еңбегіне тікелей байланысты. Сіздердің күнделікті атқарып жүрген қызметтеріңіз – қоғам үшін өлшеусіз үлес. Биылғы жыл – “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланғаны да бекер емес. Бұл – сіздерге деген құрмет пен мойындаудың белгісі, – деді аппарат басшысы өз сөзінде.

 

Осы күні аудан әкімі аппаратының шаруашылық меңгерушісі, слесарь, электрик, тазалықшы, жылу қазандығының операторы, автокөлік жүргізушілері сынды еңбегі елеусіз қалмайтын жандарға ерекше ықылас көрсетілді. Оларға аудан әкімінің Алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталып, жылы лебіздер айтылды.

 

Жиналғандар аталған құрметке риза болып, өз мамандықтарының қадіріне жеткені үшін алғыстарын жеткізді. Олар еңбек адамына деген мұндай ықыластың жігерлендіріп қана қоймай, жұмысқа деген құлшынысты арттыратынын атап өтті.

 

Еңбек – елдің тірегі. Қарапайым жұмысшылардың еселі еңбегі болмаса, қоғамның да іргетасы берік болмас еді. Бұл күні ауданымыздың қарапайым еңбек адамдары өздеріне деген шынайы құрметті сезініп, көңілдері марқайған сәттердің куәсі болды.

 

Сағыныш ҚАЙЫР 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT