Алматыда Президент сайлауына қатысты тегін Call-орталық іске қосылды

ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, бірыңғай нөмір арқылы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.

«Бірыңғай нөмір барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталықтың жұмыс уақыты – демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін»,- делінеді хабарламада.

Сондай-ақ әкімдікте Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдауының сайты мен білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімінде өзін тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді екенін хабарлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT