Алқалы аналар марапатталды

2013 жылы Президент Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді.

Бұл мерекенің басты мақсаты - қоғамда отбасылық құндылықтарды, имандылық пен руханиятты нығайту.

2

Осыған орай, мерейлі мереке қарсаңында Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі Айбатыр Бекішұлы көпбалалы аналарды қабылдап, құрмет көрсетті. Олардың қатарында Азияның бірнеше дүркін чемпионы, әлем біріншілігінің жолдамасын ұтып алған, «Күміс алқа» иегері Қанатова Алмагүл, ауылдық округ бойынша ең жас «Алтын алқа» иегері Мұханбетова Мөлдір және ең жас «Күміс алқа» иегері Қанатова Албина бар. Кездесуде округ әкімі отбасының ұйытқысы болып жүрген аналармен еркін тақырыпта әңгіме қозғады. 

2

2

2

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Әр адамның арманы - баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, бақытты ана атаңыздар»,- деген ауыл әкімі аналар қауымына өзінің Алғыс хатын және арнайы сыйлықтарын табыстады. 

Әділбек СЫРЫМОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT