Алтын құрсақты батыр ана Майра Сембайқызына "Ардақты ана" төсбелгісі табысталды

21 наурыз күні аудан әкімі Нұрым Мусин Исатай ауданының Құрметті азаматы, Халық емшісі Уәлитхан Зинеденұлының жұбайы, алтын құрсақты батыр ана Майра Сембайқызына арнайы көрісе барып, оны наурыз мерекесімен құттықтады.

Құттықтау кезінде аудан әкімі Н. Бекежанұлы алтын құрсақты ананың бала тәрбиесіндегі еңбегін жоғары бағалайтынын, «бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп отырған аналардың» бүгінгі қоғамдағы рөлінің зор екенін айта келе, Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің шешімімен тағайындалған «Ардақты ана» төсбелгісін табыстады. Өз кезегінде Майра Сембайқызы мерекенің  қарсаңында көрсетіп жатқан құрметі үшін шын ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

                                                                              

Аяпберген САЛИХОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521