Қамқорлық та қалтарыста қалмаған

Қазақ кеңпейіл, қамқоршыл халық деп таниды өзгелер. Осы ретте көрісу дәстүрі де ізетті болу, бата алу, қамқорлық таныту дегендей игі істерді өн бойына дарытуымен құнды десек жарасымды-ақ. Яғни, ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша көрісу кезінде кішілер ізеттілік танытып, бата алса, үлкендер қамқорлық көрсетуі лазым делінген. Бұның қазір де солай екенін анық аңдауға болады. Тәрбие ме, тәрбие.

Баспасөзден: «Бәз біреулердің «сырттан тон пішетініндей», көрісу тек амандасудан тұрмайды, ол үлкеннің кішіге, бардың жоққа қол ұшын созуы. Қазақ көктем мезгілін жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы деп бекер айтпаған. Ендеше қыстан қысылып шыққан жамағаттың бары-жоғын түгендеп, малы шығын болған ағайынға көмек көрсетуі де «көрісудің» бір ажырамас бөлігі болған. Демек, аталған дәстүрдің тәрбиелік қана емес, әлеуметтік мәні де өте зор. Осы сәт - талай Атымтай жомарттардың елге үлгі болар кезі. Мәселен, Қытай жерінде кеңінен танымал, ел аузында Башпай деген атпен есте қалған, ХХ ғасырда өмір сүрген Басыбай бай әр көктем сайын кедей-кепшіктерге жиған малының бір бөлігін үлестіріп отырған екен. Демек, «көрісудің» бұл игі салты батыста ғана емес, қазақтың шығыс аймақтарында да таралған» деген пікірді де кезіктіргенім бар.

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT