Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалында өткен актив жиналысында саяси кеңес мүшелеріне, бастауыш партия ұйымы төрағаларына, партия фракциясының депутаттарына «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Идресов Абдолла Хамиұлы аудандық филиалдың атқарушы хатшысы болып Едіге Амангелдіұлы Досқалиев тағайындалғанын жария етті –деп хабарлайды «Naryn tany» газеті.
Едіге Досқалиев 1986 жылы Исатай ауданы, Жанбай селосында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2008-2009 жылдары «Болат-Д» ЖШС заңгер болып бастаған. 2009-2010 жылдар аралығында Исатай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында кеңесші қызметін атқарған.
2010-2011 жылдары Исатай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету залы басшысының орынбасары, 2011-2012 жылдары Исатай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет көрсету залы басшысы, 2012-2015 жылдары Исатай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы, 2015-2016 жылдары Исатай ауданы, Жанбай ауылдық округінің әкімі, 2016-2017 жылдары «Исатай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу» бөлімі мемлекеттік мекемесі басшысы, 2017-2018 жылдары «Исатай аудандық әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бас маман, 2018-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу басқармасында бас сарапшы,
2019-2020 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған бөлімінің басшысы, 2020 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Исатай аудандық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген.