«AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалында – жаңа атқарушы хатшы

«AMANAT» партиясының Исатай аудандық филиалында партиялық актив жиыны өтті. Онда аудандық филиалдың төрағасы Полымбет Хасанов партия мүшелеріне филиалдың жаңа атқарушы хатшысы Мусин Нұрым Бекежанұлын таныстырды.

Ол 1980 жылы 11 желтоқсанда Аққыстау ауылында дүниеге келген.

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның Исатай аудандық филиалында ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етуші маман болып бастаған.

2004 жылы Аққыстау селолық округінде маман, жетекші маман;

2004-2006 жылдары Исатай аудандық қазынашылық басқармасында жетекші маман, бас маман-қазынашы;

2006-2009 жылдары Исатай аудандық құрылыс бөлімінде бас маман-есепші;

2009-2011 жылдары Исатай ауданы әкімінің көмекшісі;

2011-2015 жылдары Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы;

2015-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Исатай аудандық филиалында, кеңесші;

2016-2018 жылдары – «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалында менеджер-кеңесші болып қызмет атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан күні бүгінге дейін «Атамекен» ҰКП Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры қызметінде болған.

Исатай аудандық мәслихатының VI, VII шақырылымдарының депутаты. Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521