Аманаттықтардың кезекті сапары Амангелді елді мекенінде жалғасты

Бүгін «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау тобы Зинеден ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекенінде болып, тұрғындармен кездесті.

Топ құрамында облыстық мәслихат депутаты Мақсот Абуов, «AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әліби Хайдаров, «ҚазТрансГаз Аймак» АҚ Исатай аудандық филиалының директоры Жеңісбек Қабиев және аудандық мәслихат депутаттары Нұрым Мусин, Мөлдір Мұханбетова болды. Кітапхана ғимаратында өткізілген қабылдау шарасын Әліби Хайдаров ашып, облыс, аудан орталығынан келген топ өкілдерін таныстырды және қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсатына тоқталып өтті.

d9fed2ec-3fec-4846-a37b-5c950614955c

Қабылдауға келген тұрғындардың қатарында елді мекенмен қоса ауылдық округтің тұрғындары болды. Олардың басым бөлігі тұрғын үйге, кітапханаға газ желісін тарту, тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту, оқушыларды тасымалдау мақсатында Ю.Гагарин атындағы орта мектепті жаңа автокөлікпен қамтамасыз ету, Зинеден ауылына мәдениет үйін салу секілді бірқатар мәселелерді көтерді және кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында мемлекеттен бөлінетін қайтарымсыз несиеге қатысты сауалдарын жолдады.

1

Тұрғындар көтерген мәселелерге қатысты топ мүшелері және ауыл әкімі Ерлан Ескендірұлының тарапынан тиісті жауаптар берілді. Өз кезегінде Әліби Хайдаров барлық өтініштердің орындалғанша партияның жіті бақылауында болатындығын атап өтті.

7

Партиялықтардың кезекті сапары тұрғындарға 5 маусымда өтетін республикалық референдумның маңызын түсіндірумен қорытындыланды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521