Зинеден ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекені тұрғындарының көптен күткен қуаныштары орындалды.
Ауылдық округтен 12 шақырым жерде орналасқан елді мекен тұрғындарының көп уақыттан бергі тілектері ауыз су мен газ желісі болатын. Қазіргі уақытта Амангелді елді мекенінде 24 үй орналасқан. Тұрғындары саны 60-тан астам. Осы уақытқа дейін тұрғындар ауыз суды көлікпен тасымал арқылы пайдаланып келген болатын. ⠀
«Біз Амангелді елді мекенінің тұрғындары шаруашылықпен айналысып отырған халықпыз. Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы ауданға басшы болып келген кезде, ауылымызға ат басын тіреп халықпен кездесіп, мұң-мұқтажымызды тыңдап еді. Сол кездесуде біз ең бастысы ауыз су мен газ мәселесін қозғадық. Аудан басшысы осы бойынша жұмыстанамын деп уәдесін берген. Бүгін міне су мәселесі шешіліп, әрбір шаңыраққа жаңа жыл қарсаңында су келіп қуанып жатырмыз. Газ желісінің де жұмыстары аяқталып жатқанын көріп отырмыз. Осындай халыққа деген игі істері үшін аудан басшыларына, барлық қызмет еткен азаматтарға тұрғындар атынан ризашылығымызды білдіреміз» деп ауыл тұрғыны Қапылов Жәнібек қуанышын жеткізді. ⠀
Осылайша, Зинеден ауылдық округі ауыз сумен 100 пайыз қамтылды. Алдағы уақытта Амангелді елді мекеніне газ желісін қосу жұмыстары жалғасып жатыр.
Исатай ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Сурет: ашық дереккөзден