Қамысқалалық Сәттібек жеңімпаз, Асылжан жүлдегер атанды

27 сәуір мен 15 мамыр аралығында республикалық балалар және жасөспірімдер арасында «Ұлы Жеңіске тағзым» атты онлайн өнер байқауы өтті.

Оған біздің ауданымыздан да өнерлі оқушылар қатысып, бақтарын сынаған болатын.

Аталған сайыста «эстрадалық вокал» жанрына сай Ұлы Отан соғысы тақырыбында орындаған әндерін бейнежазба арқылы жолдаған Новобогат орта мектебінің 6-сынып оқушылары Сәттібек Иван (жетекшісі Нұрсейіт Мұхиденов) бас жүлде иеленсе, ал Асылжан Қайралы (жетекшісі Ләззат Жұмаева) 2-орынға қол жеткізіп, лауреат атанып, арнайы диплом мен медальдарға ие болды. «Жетекшілеріне де арнайы «Құрмет грамотасы» табысталатын болады» деп жазылған сайыс шартында.

Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай «Алау групп» балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған онлайн байқаудың жүлдегерлерге бөлінген сыйлықтары алдағы күндерде Қазпочта байланысы арқылы жеткізілетін болады.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521