Күлімдеп көктем жетті, онымен бірге шуақты мереке – Халықаралық әйелдер күні келген шақ еді.
Мерекелі сәтте Жер-ананы қайта түлете жеткен көгілдір көктеммен бірге әйел-аналар да айналасына жылы шуағын шашып, көңілдері құлпыра түсті. Осы бір көрініс аудан орталығындағы "Нұршуақ" бөбекжай-бақшасында мерекеге орай ұйымдастырылған арналған "Ана - өмірдің шуағы" атты ертеңгілікпен де үйлесім таба түскендей болды.
Ертеңгілік барысында бүлдіршіндер аналарына өз өнерлерін тарту етті. Көңілді жиын аналарға арналған әндерден попурри айтумен аяқталуы да сәтті шықты. Шара соңында мереке иелері – аналар тәрбиешілер Зульфия Серікқызы мен Римма Жайшылыққызының біліктіліктері мен шеберліктеріне риза көңілдерін білдірді.
Айгул КӨШӘЛІҚЫЗЫ,
Салтанат САТХАНҚЫЗЫ,
«Айгөлек» тобының ата-аналары