Ақпараттық хабарлама

 

«Атырау-Ақпарат» ЖШС және оның құрамындағы облыстық «Атырау», Прикаспийская коммуна», аудандық «Кең Жылыой», «Мақат тынысы», «Қызылқоға», «Дендер», «Жайық шұғыласы», «Нарын таңы», «Серпер» газеттерінің редакциясы (бұдан әрі – Редакция) 2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабына сәйкес тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға (бұдан әрі – Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналастыруға арналған газет көлемін берудің шарттары туралы хабарлайды.

Газет көлемін берудің жалпы шарттары

Газет бетінен көлемді ұсыну Кандидат немесе оның өкілетті тұлғасы және Редакция арасында жасалған келісімшарттың негізінде жүзеге асырылады.

Үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасудың негізі Кандидаттың немесе оның өкілетті тұлғасының Редакциялық алқаның атына жазбаша өтініші болып табылады.

Үгіт материалдарының көлемі Кандидаттың немесе өкілетті тұлғаның жазбаша өтінішінде көрсетіледі, ол одан әрі Шартта жазылады.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге тиіс:

1) Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидаттың өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Қағаз және электрондық тасымалдағыштағы үгіт материалының мәтіні;

4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) шарт жасау үшін өтініш білдірушінің өкілеттігін растайтын құжаттардың көшірмелері.

Редакция модуль, мақалалар түріндегі үгіт материалдарын жариялайды. Үгіт материалдарының мәтіндерін Кандидаттардың өздері дайындайды немесе редакциямен бөлек келісім бойынша әзірленеді.

Үгіт материалдарын жариялаудың тәртібі

Редакция Кандидаттардан мәтіндердің түсу ретіне қарай үгіт материал­дарын жариялаудың кезектілігін белгілейді. Бірнеше Кандидаттан / өкілетті тұлғадан өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда кезектілікті Редакция сол күні жеребе арқылы шешеді. Жеребеге баспа материалдарын орналастырудың кезектілігіне талас білдіруші Кандидаттар немесе Кандидаттың мүддесін білдіретін өкілетті тұлға және талас білдірушінің тәуелсіз тарабы ретінде Редакция өкілі қатысады.

Редакция облыстық «Атырау», Прикаспийская коммуна», аудандық «Кең Жылыой», «Мақат тынысы», «Қызылқоға», «Дендер», «Жайық шұғыласы», «Нарын таңы», «Серпер» газеттерінің беттерінде үгіт матеиалдарын орналастырудың орнын дербес айқындайды.

Үгіт материалдарын тапсырудың тәртібі

2022 жылғы 21 қазанда сағат 18.00-ден бастап күн сайын, сенбі және жексенбіден басқа күндері, жазбаша өтініш қабылданады, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 2022 жылғы 17 қараша.

Кандидаттар үгіт материалдарының мәтіндерін жариялаудың жоспараланатын күніне дейін үш күн қалғанда Редакцияның Жарнама және жазылым бөліміне тапсырады. Мәтіндер Кандидаттың немесе оның өкілетті тұлғасының күні мен уақыты көрсетілген, тіркеу нөмірімен екі данада қолы қойылған баспа нұсқасында тапсырылады және электрондық тасымалдағышта қоса берілуі қажет. Сондай-ақ бейнелері үгіт материалында пайдаланылатын тұлғалардың (қайтыс болған жағдайда – олардың мұрагерлерінің) жазбаша рұқсаты керек.

Барлық баспа үгіт материалында тапсырысты жасаған тұлғалар туралы мәліметтер, сондай-ақ мақалалар немесе модульдер қандай қаражаттан төленгендігі туралы ақпарат болуға тиіс.

Редакция үгіт материалдарын жариялауды Редакцияның есеп айырысу шотына жарияланымдар құнының 100 пайыздық алдын ала төлемі түскеннен кейін жүргізетін болады.

Облыстық «Атырау», Прикаспийская коммуна», аудандық «Кең Жылыой», «Мақат тынысы», «Қызылқоға», «Дендер», «Жайық шұғыласы», «Нарын таңы», «Серпер» газеттерінде үгіт материалдары жарияланған кезде «Сайлау-2022» – «Выборы-2022» айдарымен орналастырылады.

Егер үгіт баспа материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатігездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құру идеялары жария етілсе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарында қарастырылған және өзге негіздерде газет ондай үгіт баспа материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Басқа Кандидаттардың, саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпараттар болған жағдайда Редакция Кандидаттың үгіт материалдарын жариялаудан бас тартады.

Үгіт материалдарын жариялау ақысын төлеу тәртібі

100 пайыз алдын ала төлем жасалған жағдайда облыстық «Атырау», Прикаспийская коммуна», аудандық «Кең Жылыой», «Мақат тынысы», «Қызылқоға», «Дендер», «Жайық шұғыласы», «Нарын таңы», «Серпер» газеттерінің беттерінде үгіт материалдарын жариялаудың құны газет көлемінің 1 шаршы сантиметрі үшін ҚҚС қосқанда 400 (төрт жүз) теңгені, ал atr.kz, pricom.kz, atpress.kz, ser-per.kz, den-der.kz, maqat-tyntsy.kz, naryntany.kz, zh-shugylasy.kz, qyzylkoga.kz, ken-zhyloi.kz сайттарында 1800 белгіге дейін (бос орынды қоса есептегенде), 10 фотоға дейін, ҚҚС қосқанда 25 000 (жиырма бес мың) теңгені құрайды. Имидждік материалын жариялау үшін (Серіктестік журналисі дайындаған) үстемақы мөлшері 10%.

Төлем Шартта көрсетілген Редакцияның банктік есеп айырысу шотына ақшалай қаражат аудару арқылы жүзеге асырылады.

Жарнама және жазылым бөлімі:

e-mail: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырау қаласындағы телефондар: 8 (7122) 45-85-67

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521