Аққыстау ауылы карантинге жабылады

Ауданның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Аққыстау ауылы аумағында 26 маусым сағат 00.00-ден бастап 03 шілде сағат 07.00 аралығында аумақтағы эпидемиялогиялық ахуалдың нашарлауына байланысты карантин жарияланады.

25 маусым 2020 жыл  №55

Исатай ауданы халқының арасында коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы Мен, Исатай ауданының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Картмаганбетова Бактыгул Самиголлаевна, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4 тармақшасына және 150 бабына сәйкес, Исатай ауданы аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі мен короновирус инфекциясымен сырқаттанушылардың өсу деңгейін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Исатай ауданына қарасты Аққыстау ауылы аумағында 2020 жылдың 26 маусымы сағат 00:00-ден бастап 2020 жылдың 3 шілдесі сағат 07:00-ге дейін карантин жариялансын.

2. Аққыстау ауылы аумағында 21:00-ден 06:00-ге дейін жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және авариялық-техникалық қызметтер, сондай-ақ стратегиялық маңыздағы нысандарға өндірістік қызмет көрсететін және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін қоспағанда азаматтар мен көліктердің қозғалысына толықтай тыйым салынады;

3. Аққыстау ауылы аумағына аудан орталығында жұмыс жасайтындарды, шұғыл медициналық көмекке жүгінгендерді қоспағанда, аудан аумағындағы ауылдық округтерден, басқа да қалалар мен аудандардан көліктердің, азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынсын.

4. Аққыстау ауылы тұрғындарына сағат 06:00 және 21:00 аралығында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, міндетті түрде маска тағып, 1,5-2 метр ара қашықтықты сақтап тұрғылықты жерінен шығуға, жүруіне, жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші қажеттіліктегі заттарды, рұқсат берілген қызмет түрлерін алуға (тұрғылықты жеріне жақын маңдағы), шұғыл жағдайлар бойынша дәрігерлік көмек алуға байланысты қозғалысына, азаматтарға қызметтік, жеке, ресми жолаушы тасымалдаушы көлікпен жүруіне рұқсат берілсін;

5. 2020 жылдың 26 маусым сағат 00:00-ден бастап күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, келесі уақытша шектеулер белгіленсін:

1) жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференция байланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квази мемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс жасау форматына ауыстыру;

2) ХҚКО онлайн режимінде қызмет көрсетуге өту, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді алдын-ала жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 10:00-ден 17.00-ге дейін)

3) супермаркеттер және басқа да азық-түлік дүкендері, дәріханалар жұмысы сағат 09:00-ден 20.00-ге дейін (азық-түліктерді сату көкөніс пен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп салынған түрде жүзеге асырылады); сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін дәріханаларға «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілсін;

4) қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар/ барлар/ кафелер/ асханалар және басқалар) тек өзімен алып кету және жеткізіп беру әдісімен сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін рұхсат берілсін.

5) Азық-түлік емес сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, құрылыс материалдарын сататын көтерме орындары, киім-кешек, басқа да ұсақ-түйек заттарды сататын бутиктер, фотосалондар, оптика, ломбард, автокөлік қосалқы бөлшектерін сататын дүкен) қызмет түріне тыйым салынсын.

6) шаштараздар, сұлулық салондарының барлық қызмет түрлеріне тыйым салынсын.

7) спорт, мәдениет нысандарының жұмыстарына тыйым салынсын.

8) Қазпошта, банк мекемелерінде қызмет көрсету сағат 09:00-ден -17:00-ге дейін қызмет алушылар арасында 2 метр қашықтықты сақтай отырып, міндетті түрде маскамен қызмет алуын қадағалай отырып жүргізілуіне рұқсат берілсін.

9) Көлік жөндеу, көлік жуу, техникалық қызмет орталықтарының қызметтері тоқталсын.

10) жанар-жағар май бекеттеріне қызмет алушылар арасында әлеуметтік қашықтықты 2 метр сақтау, міндетті түрде маска кию тәртібімен өз регламенттеріне сәйкес қызмет етуге рұқсат етілсін.

11) Аққыстау ауылына басқа ауылдардан, аудандар мен қалалардан келген адамдардың Аққыстау ауылынан шығып кетуіне 26.06.2020 ж. сағат 23:00-ге дейін рұқсат берілсін.

6. Аққыстау ауылдық округінің әкімдігіне:

1) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алушараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер - 3,7,40,100 күндік садақалар, 1 жыл еске алу каделерін), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;

2) қоғамдық орындарға, оның ішінде алаңдарға, саябақтарға, баруға тыйым салынсын;

3) меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының білім беру орталықтары, үйірмелер қызметіне тыйым салынсын;

4) діни нысандар қызметіне және халықтың онда баруына тыйым салынсын;

5) Эпидемиологиялық ахуалға қарсы шаралардың орындалуын бақылау және мониторинг жасау жұмысына тартылған мобильдік топтардың рұқсат берілген нысандардағы кемшіліктер туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату жұмысы ұйымдастырылсын.

6) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №18 қосымшасына сәйкес қоғамдық және адамдар көп шоғырланатын орындарда дезинфекциялық шараларды жүргізу;

7) 22.05.2020 жылғы №37 ҚР БМСДҚ №15 қосымшасына сәйкес ауыл арасындағы ресми жолаушы тасымалдаушы көліктер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін карантиндік режимде әрекет ететін болады.

8) Санитариялық бекеттегі қызметкерлерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.

7. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, өндіріс нысандарының басшыларына:

1) 2020 жылдың 3 шілдесіне дейін өндірістік нысандарда, кеңседе және өзге де үй-жайларда санитарлық-гигиеналық шараларды күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және жергілікті атқарушы органға ұсынсын;

8. Исатай аудандық Полиция бөлімі қамтамасыз етсін:

1) «Ақтөбе-Астрахань» республикалық маңызы бар тас жолындағы Аққыстау ауылына кіреберіс-шығаберістеріне санитарлық бекеттерді қою жұмысын ұйымдастыру.

2) COVID-19 бойынша карантиндік, провизорлық стационарларды үй карантинін күзету;

3) Аққыстау ауылы аумағында карантиндік шектеу шараларын бұзушыларға қатысты әкімшілік шараларды қолдану және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

4) отбасылық, еске алу шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер) үйде өткізуге жол бермеу;

5) жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, мониторингтік топтардың құрамында карантиндік шектеу шараларының бұзылуының алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстарды жүргізсін.

9. Исатай аудандық ауруханасына:

1) Санитарлық бекетке медициналық қызметкерлер бөлінсін.

10. Исатай аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне:

1) БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды эпидемиологиялық жағдай, қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;

2) Эпидемиологиялық жағдайдың өзгеруі мен науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.

10. Аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсызданған жағдайда карантин шараларын ұзарту туралы құқықты өзімді қалдырамын.

11. Аталған қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

12. Аталған қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Исатай ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері м.а. Б.С.Картмаганбетова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521