«Аққыстау» театры халықтық атағын қорғады

Кеше облыстық «Шынайы шымылдық» халықтық театрлары мен драма үйірмелері арасында өткен онлайн байқауы өз мәресіне жетті.

Исатай ауданының Нариман Үлкенбаев атындағы мәдениет үйі жанындағы «Аққыстау» халық театры байқау дипломанты атанып, халықтық атағын үздік қорғап шықты. Онда біздің театр Бақыт Мерекенованың «Заманың түлкі болса» атты үш бөлімді трагикомедиясын сәтті сомдады.

Онлайн байқау үш күнге созылды. Мақсаты тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай қазіргі халық театрларының деңгейін анықтау, үйірмелерге халықтық атақ беру болатын. Бәрі ойдағыдай болды. Ең бастысы халықтық атағымызды абыроймен қорғадық, - дейді театр режиссері Фаруза Рахметова.

Байқауда жеңімпаз жүлдегерлер мен арнайы аталым иелері де анықталды. Қатысушылардың барлығы алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521