Аққыстау және Тұщықұдық ауылдарында қант арзан бағада сатылуда

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Аққыстау және Тұщықұдық ауылында тұрғындарға 1 келі қант – 565 теңгеден сатылып жатыр.

Осынау игілікті іс аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынды. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ризабек Жақсыбаевтан білгеніміздей, сейсенбі күні аудан орталығына жалпы салмағы 6 тоннаны құрайтын 50 келілік қанттың 120 қабы жеткізіліп, сатылымға шыққан.

434f68c5-ddb4-4ac8-8e85-add36ed7fab7

- Бүгін тұрғындар қант алуға үздіксіз келіп жатыр. Әр тұрғын қантты тек екі келіге дейін ала алады. Бұл мүмкіндігінше өзге де тұрғындарды қантпен қамтамасыз ету мақсатында қабылданған шешім. Қазір дүкен сөрелерінде қанттың бағасы шарықтап тұр. Сондықтан тұрғындарға кішкене болсада көмек болады деген оймен осындай бастаманы қолға алдық. Тұтынушылар дән риза. Алдағы уақытта бұл жұмыстарды өзге де ауылдық округтерде ұйымдастыру жоспарлануда, - дейді бас маман.

Расымен, тұрғындар қант алуға ұзынсонар кезекте тұр. Жолай орталық көшеде орналасқан «Гаухар», «Тұрарбек», «Дария» дүкендеріне соғып, қант бағасын сұрап көрдік. Расымен, дүкен сөрелерінде қанттың бағасы әлдеқалай қымбаттырақ. Мәселен, «Гаухар» дүкенінде қанттың келісі 750 теңгеден саудаланып жатса, «Дария» дүкенінде 700 теңгеден, ал, «Тұрарбек» дүкенінде қанттың келісі 680 теңгеден сатылуда.

86b84e95-0d41-4f84-b5e9-cd3f66ddb826

Айта кетейік, арзан бағадағы қант өнімі Аққыстау ауылында екі жерде, яғни Ынтымақ көшесі, 25-ші үйде («Арай» мейрамханасына қарсы) орналасқан кәсіпкерлік нысаны және орталық көшедегі «Тұлпар» азық-түлік дүкенінде сатылуда. Сондай-ақ Тұщықұдық ауылындағы «Ақжан» азық-түлік дүкенінде де тұрғындарға арзан қант ұсынылуда.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521