Аққыстауда 149 адам жұмысқа алынады

«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Аққыстау ауылындағы құрылыс нысандарын аралады.

Құрамында филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері бар жұмысшы тобы Аққыстау ауылында бюджет қаржысына салынып жатқан үш қабатты 60 пәтерлік 3 тұрғын-үй және ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу құрылысы басында болып, жұмыс барысымен танысты.

1006tractor

- Мердігер мекеме «Дан-Строй-База-ЛТД» ЖШС үй құрылыстарын 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтап, тапсыруы тиіс. Құрылыс жұмыстарын белгіленген уақытта аяқтау үшін қаржысы, материалдары жеткілікті және құрылыс материалдарының бәрі де отандық өнімдер, - дейді "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық маслихат депутаты, фракция мүшесі Әнес Сидеғалиев.

Аққыстау ауылында бюджет қаржысы есебінен жүргізіліп жатқан ауылішілік жолдарды күрделі жөндеу құрылысына жауапты мердігер мекеме - «Adilkhan West Group» ЖШC. Білгеніміздей, құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың маусым-желтоқсан айларында жүргізу жоспарланған. Нысан бойынша ашылуы керек жұмыс орын саны - 298, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы жергілікті жерде тұратын 149 жұмыссызды жұмыспен қамтамасыз етуге келісімшарт жасақталыпты. Қазіргі уақытта жергілікті 10 адам жұмысқа қабылданған.

«Қадағалау барысында мердігер мекемелерге бірқатар кемшіліктері бойынша ұсыныстар да айтылды. Бұл жұмыстар партия назарында болады» дейді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT