Аққыстауда Абай күніне арналған кітап көрмесі өтті

Исатай ауданында «Абай» күніне арналған аудандық орталықтандырылған кітапхана алаңқайында «Абай әлемі – даналық мұхиты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ұлы ойшылдың ғибратты ғұмырын, рухани шығармашылығын көпшілік қауымға кеңірек таныту мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапхана ұйымдастырған көрмеге үлкенді-кішілі оқырмандар, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары, мәдениет саласының қызметкерлері қатысып, ұлы ақынның жаңа туындыларымен, бай мұраларымен кеңірек танысты. Көрмеге ұлы ақынның өлең жинақтары, қарасөздері, көптеген хикмет кітаптарымен қатар, ақынға арналған зерттеу кітаптар шығарылған.

«Бүгінгі көрмеде Абай әлеміне байланысты көптеген кітаптар, ақынның шығармаларын ұсынып отырмыз. Кітап көрмесі 10 тамыз - Абай күніне орай Абай әлемін оқырмандарға жан-жақты таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Ұлы ақынның шығармалары қай кезде де өз құндылығын жоғалтпайтыны анық, - дейді аудандық орталық кітапхана әдіскері Сәния Көбеева.

Оның айтуынша, Абайды іздеп оқитын тұрғындар аз емес.

0a61287d-681a-4973-b767-6bb1da8d6277

- Карантиндік шараларға байланысты Абай мұраларын насихаттауды онлайн түрде жүзеге асырып жатырмыз. Әлеуметтік желідегі ресми парақшамыз арқылы ұсынылған материалдардан алған ақпарат бойынша қорымызға келіп түскен жаңа кітаптарды іздеп келіп жатқан оқырмандар да бар. Бұның өзі - Абай мұраларына деген қызығушылықтың бір ғана дәлелі, - дейді орталық кітапхана әдіскері.

Атаулы күнге орай ауданымызға қарасты басқа да ауылдық кітапханаларда түрлі шаралар өтуде. Атап өтсек, «Жанбай» ауылдық кітапханасы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе», Ақкөл ауылдық кітапханасы «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты бейнероликтер дайындаса, Аққыстау ауылдық кітапханасы «Абай – біртұтас әлем» тақырыбында виртуалды көрме ұсынды. Ал, Қызыл үй ауылдық кітапханасы «Абайы бар халықтың – мұрасы бай» атты әдеби сағат ұйымдастырған.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521