Аққыстауда анасын ұрған азаматтың соты болды

Исатай аудандық сотында азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Бұл туралы аудандық соттың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Онда әлгі азамат М. 2020 жылғы 30 желтоқсан күні түнгі сағат 02.00 шамасында Аққыстау ауылында өзінің үйінде алкогольден масаң күйде анасының шашынан тартып сүйреп, тән ауруына ұшыратып, бірақ, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекеттерін жасағаны айтылған.

Сотта жәбірленуші А. ұлымен татуласқанын айтып, істі тоқтатуды, ұлын жауаптылықтан босатуды сұрапты.

"Сот құқық бұзушы М.-ның бұрын осы тектес әкімшілік құқық бұзушылық жасауын ескеріп, құқықбұзушыны кінәлі деп танып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Қаулы заңды күшіне енген жоқ" делінген хабарламада.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521