Аққыстауда ардагерлерге жаңа орын берілді

Осыған дейін аудан ардагерлерлеріне арнайы орын болмай келгені рас. Енді, міне, жаңа орынның да реті келіп, пайдалануға берілді.

Таңмен әр ауылдан жиналған ардагерлеріміз орталықтың ашылғанын тағатсыздана күтіп, қолдарына шашуларын да ұстай келген.

arda-or

- Жаңа жыл қарсаңында аудан ардагерлерінің орталығының ашылуымен сіздерді қуана құттықтаймын! Сондай-ақ, бізге әруақытта кеңес беруге дайын болғандарыңыз үшін, алғыс айтамын. Әр ауылдық округте ардагерлер кеңесі бар, олардың жұмыстарының жүруіне де осы орталықтың ықпал ететінін білеміз. Осы жерге жиналған баршаңыздың аудан тарихы үшін орындарыңыз ерекше. Сіздер жастарыңыз келсе де үйде отырмай, қоғамдық қызметке атсалысуда әркез алдасыздар, әр саланың мықтылары ретінде біз сіздерді мақтан етеміз, - деп Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев ардагерлерді жаңа орталықтың ашылуымен және Жаңа жылмен құттықтады. Орталықтың лентасын ауданымыздағы жасы үлкен қариялардың бірі Есболай Қуатов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ботакөз Құлғалиева қиды.

arager

Шара кең бөлмеде еркін форматтағы кездесумен жалғасты. Онда аудан әкімі жаңа орындағы креслоға төрағаны отырғызып, жаңа орында жаңа жетістіктер тіледі. Өз кезегінде аудан әкімі жыл қорытындысына орай бірқатар ардагерлерді марапаттап, аудан әкімінің алғыс хаты мен ауданның 90 жылдығына орай мерекелік төсбелгілер табыстады.

arda56

Ауданның Құрметті азаматы, ардагер Жұмажан Қадимов сөз алып, осындай кең орын қарастырып көмек еткен басшылыққа алғысын айтып, ардагерлердің көкейінде жүрген кейбір маңызды мәселелерді де алға тартты. Жыл тоғысында беріліп жатқан орталықтың ісінің оңға басуына біз де тілекші болдық.

arda-orin3

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521