Аққыстауда Ілия Жақанов шығармашылығына арналған шара өтті

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақановтың туғанына 85 жыл толуына орай аудандық музейде мектеп оқушыларының қатысуымен тағылымдық сабақ өткізілді.

Оқушыларға композитордың шығармашылығын, ғұмырлық жолын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шарада мектеп оқушылары композитордың «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Аққулар қонған айдын көл» атты деректі әңгімелері, сондай-ақ «Қарабура» тарихи-танымдық шығармасы, «Сынған қылыш» атты қырғыз тілінен аударылған тарихи романдары жайында кеңінен біле түсіп, арнайы дайылдалған бейнетүсірілім арқылы композитордың шығармашылығымен танысты.

Одан әрі өнер зерттеушісінің өмір жолы сөз болып, оқушылар композитордың шығармашылығы жайында өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

7

- Қазақ эстрадасының көшін алға сүйреген әйгілі композитор Ілия Жақановтың шығармашылығы, өнердегі жолы кім-кімді де елеусіз қалдырмасы анық. Әйгілі композитор, өнер зерттеушісі Ілия Жақановтың туғанына биыл міне 85 жыл толып отыр. Осы орайда, мектеп оқушыларына композитордың шығармашылығы, өнер жолын кеңінен таныстыру мақсатында осындай тағылымдық сабақ өткізіп жатырмыз. Шара барысында оқушылар ұлы композитордың өмір жолымен жіті таныс болып, оның шығармашылығы жайында да кеңінен түсінік алды, - дейді аудандық музейдің меңгерушісі Гүлмарал Бақытжанқызы.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521