Аққыстауда карантиндік шектеуге қарамай той өткізген отбасы анықталды

Дүбірлеген думан мен «қош келдің» айтқан асабаның үні ауыл ішін шарлап кетті. Соңғы қаулыдағы карантиндік шектеу талаптары - анау, ауладағы той - мынау...

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы Айзада Қуандықова Аққыстау ауылдық учаскелік полиция қызыметкері Руслан Багитов және ауылдық округ маманымен бірге біз карантиндік шектеу шараларына қарамастан, жасалып жатқан тойдың үстінен түстік.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының маманы елдегі індет кезінде заң бұзған той иелерінен түсініктеме алып, бұндай бұзушылыққа 30 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертті. Бұған қарсылық танытқандары да, құзырлы органдарға бір жолға көз жұма қарауларын өтінгендер де болды. Телефонына жүгініп, әлдекімдерге қоңырау шалғандарды да байқадық. Дегенмен, учаскелік полиция үй иесінен түсініктеме алды.

Енді соған сай шарасы алынуы мүмкін.

Байболат СҰҢҒАТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз