Аққыстауда «Кәусәр» кілем жуатын орталығы ашылды

Аққыстаулық жас кәсіпкер Жанпейіс Рахымжанұлы өз қаражаты есебінен Түркиядан кілем жууға арналған арнайы құрылғыларды сатып алып, кәсібін ашты.

cil23-min

- Осы кәсіпті көптен ойға алып жүрген болатынмын. Бүгінде ауданымызда кілем жуу арналған арнайы ғимараттар жоқ. Күнделікті тұрмыста байқап жүргеніміздей, тұрғындар көлік жуатын жерлерге (мойка) барып, кілемдерін жудыруға мәжбүр болып жүр. Кәсіптің бұл түрі бүгінде ауданымызда тапшылық тудырып отыр деп ойлаймын. Сондықтан, отбасыммен ақылдаса отырып осы кәсіпті аштым. Түркия еліне тапсырып беріп арнайы кілем жуу құрылғыларын алдыртқан болатынмын. Кілемдерді жерден «ротер» құрылғысы арқылы жуып, одан «центрифуга» сығу құрылғысы арқылы сығылады. Сонымен қатар оларды кептіру үшінде температурасы қызған арнайы кілем кептіру орныда бөлек дайындалды. Күніне 30 кілемге дейін жуатын боламыз. Қазірдің өзінде тұрғындар естіп-біліп кілем жудыруға келіп жатыр. Болашақта кәсібімді кеңейтіп, тұрғындардың көңілінен шығып жатсақ, еңбегіміздің жанғаны деп білемін, - деп сөзін түйіндеді жас кәсіпкер.

index-min

Сонымен қатар, тұрғындарға жеңіл болу мақсатында кілемді алып кету және жеткізіп тастау секілді жеңілдіктерде қарастырылған екен.

zd-cil-min-12

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521