Аққыстауда Күзембай ақынға арналған оқушылар мүшәйрасы өтті

Исатай ауданында ақын Күзембай Әміровтың туғанына 80 толуына орай оқушылар арасында жыр мүшәйрасы өтті.

mushaira-min

Аудандық музей ұжымының ұйымдастыруымен талантты ақын, жерлесіміз Күзембай Әміровтың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында өткен «Мен де дала ұлымын» атты жыр мүшәйрасын К.Әміровтің туысы Аманжол Қапанов ағамыз арнайы келіп тамашалады. Ақынның өнегелі өмірін еске алумен қатар, ақындық өнерін оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсат етілген шараға Аққыстау және Абай атындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар Күзембай ақынның өлең-жырларын мәнерлеп жатқа айтумен қатар, арнайы жасырынған тақырыптарды таңдау арқылы ойдан өлең шумақтарын белгіленген уақыт ішінде құрастыра отырып өздерінің ақындық таланттарын көрсете білді. Сайыс нәтижесінде, Ақпейіл Балтабекқызы (Абай атындағы орта мектеп) бірінші, Арай Зейноллақызы (Аққыстау орта мектеп) екінші, Қибатолла Абылайхан үшінші (Абай атындағы орта мектеп) орындарды иеленді. Қисат Әсем (Аққыстау орта мектеп) арнайы алғыс хатпен марапатталды. Шара Ш.Шәріпов атындағы саз мектебінің ұстаздары Дулат Сақаев пен Айтқабыл Латифтың орындауындағы күмбірлеген күйге ұласты.

adil-min

Айта кетейік, оқушылар арасында өткен жыр мүшәйрамына аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Саябек Шагиров, аудандық жастар ресурстық орталығының маманы, ақын Еркебұлан Зинеденов және Исатай аудандық музейінің басшысы Гүлмарал Бақытжанқызы төрелік еткен болатын.

cui5-min

- Бүгін, міне, мен де туысым К.Әміровтың туғанына 80 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында өткізілген «Мен де ұлы дала ұлымын» атты жыр мүшәйрасын тамашаладым. Шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылығымды білдіремін. Мүшәйрада К.Әміровтің өлең-жырларын мектеп оқушылары нақшынына келтіріп оқығанын көріп, көңілім бір жадырап қалды. К.Әміров өмірден өткенге дейін қолынан қаламын тастамай, өлең-мұрасын қалдырып кете барды. Қазіргі өскелең ұрпақтар сол жыр шумақтарды жатқа айтып біле жүргені, К.Әміровтің әрбір еңбегінің еленгені дер едім, - дейді ақынның туысы Аманжол Қапанов.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT