Аудан орталығындағы Исатай Тайманұлы ескерткіші орналасқан алаңда бүгінде қызу тірлік.
Тиісті орындарға хабарласқан біз оған себепші аталмыш алаңның абаттандырылатындығы екенін білдік.
Қазіргі таңда алаң орталығына арнайы техникалар жұмылдырылды, абаттандыру жұмыстары басталғалы аптадан астам уақыт өтті. Білгеніміздей, жөндеу жұмыстарына мердігер «Жалынды құрылыс» ЖШС жауапты және мұндай алаңқайдағы атқарылатын жұмысқа 33316483 теңге бөлінген.
«Қазпошта», «Исатай аудандық полиция бөлімі» мекемелері алдына асфальт жасалып, алаңға төсеніш тас төселіп, жарықтандыру үшін 14 шам орнатылады және күз айына жоспарланған тал егу жұмыстарына алғашқы дайындықтар жүретінін білдік. Абаттандыру жұмыстары тамыз айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Әділбек СЫРЫМОВ