Аққыстауда Таупих Маштаховты еске алуға арналған турнир өтті

Мемлекеттік қызметтің ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Таупих Маштаховтың 70 жылдығына арналған волейболдан ерлер арасында және шахматтан ардагерлер аудандық еске алу турнирі өтті.

Турнирдің салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан сөз алып, ағамыздың көзі тірісінде атқарған еңбектерін, мемлекеттік қызметтегі белсенділігін ерекше атап өтті. Қара сөздің қаймағын қалқыған Тәкеңнің спортқа да жаны жақын екендігін айтқан аудан әкімінің орынбасары: «Ағайдың өзі ұйытқы болған кездерде облыстағы мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен жарыстарда бірінші орыннан түспеуші едік. Бұның өзі ағамыздың жан-жақтылығын, ұйымдастыру қабілетінің жоғарылығын білдіреді» деді.

m

Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ботагөз Құлғалиева да ойларын ортаға салып, ізгі тілектерін жеткізді. Ал, отбасы атынан сөз сөйлеген аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жансих Маштахов жарысты ұйымдастырушыларға алғыс, спортшыларға сәттілік тіледі.

mt70

Жарысқа Зинеден, Жанбай, Х.Ерғалиев, Аққыстау, Тұщықұдық, құрамалары және «Барыс» балалар жасөспірімдер денешынықтыру-даярлық клубының «Барыс» командасы қатысты. Қорытындыда жанбайлық команда жеңімпаз атанып, арнайы кубок пен 100 мың теге ақшалай сыйлыққа ие болды. «Барыс» құрамасына екінші орын мен 80 мың теңге бұйырды. Үшінші орынға табан тіреген «Аққыстау командасы 60 мың теңге қаржылай сыйлықты қанжығалады. Төртінші орынға тұрақтаған тұщықұдықтықтарға 20 мың теңге көтермелеу сыйлығы ұсынылды.

tm-70

Жекелей көзге түскен ойыншылар да марапатсыз қалған жоқ. Атап айтсақ, Жалғас Нажмиденов «Үздік шабуылшы» атанса, Қуанғали Зейінғалиев «Үздік ойыншы» аталымына ие болды. «Үздік ардагер спортшы» номинациясы Ерболат Насимуллинге табысталды. Ардагер спортшы Ерболат Насимуллин тағайындаған «Үздік жалғаушы» аталымы Әділет Пазылғалиевке берілді. Сондай-ақ ардагер волейбол ойынында жалғаушының үлкен рөл атқаратынын, алдағы уақытта да аудандық волейбол жарыстарында осы номинация марапатын өз мойнына алатынын жеткізді.

ad-tur-7010

Ал, шахматтан бірінші орын аққыстаулық Есмағзом Қойтановқа ұсынылды. Екінші орынды жанбайлық Қинатолла Елеш еншілесе, Үздік үштікті қамысқалалық Нұрлан Сиғуатов қорытындылады.

Айта кетейік, еске алу турнирі аудандық мәдениет және спорт бөлімі, аудандық ардагерлер кеңесі және "Барыс" балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының бірлесіп ұйымдастыруымен өтті. 

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT